Железнодорожный қаласындағы жол апаты салдарынан 6 жастағы бала қайтыс болған. Сараптама нәтижесіне сүйенетін болсақ бала мас болыпты.
Көп қабатты пәтерлердің қасында атасы мен немересі серуендеп жүрген. Сол кезде көлік баланы 10 метр жерге дейін ұшырып жіберіпті. Бала жол апаты болған жерде тілге келместен қайтыс болған екен.
Баланың қанына сараптама жасаған кезде оның алкоголдік ішімдік қабылдағаны белгілі болды. Бұл жағдайды білген баланың отбасы мүшелері сараптаманы қайта жасауды талап еткен.

«Түсініксіз оқиғалар жол апаты болған соң 2 сағаттан кейін орын ала бастады. Үйге бөтен адамдар баса көктеп кіре бастады. Келесі күні жол апаты түсірілген видео белгісіз себептермен жоғалып кетті. Бір ай өткеннен кейін ғана тергеу жұмыстары жүргізілді. Мен қорғаушы жалдап, куәгерлерді тауып, жол апаты болған орынды суретке түсірдім. Бірақ полиция қызметкерлері болған оқиға әкімшілік іс болғандықтан көлік жүргізуші Алисоваға белгілі мөлшерде айыппұл төлетеміз деді. Куәгерлердің айтуы бойынша, Алисова көлік жүргііп келе жтқанда ұялы телефонмен сөйлескен және жоғары жылдамдықпен келіп ұлымды қағып кеткен», - деп көзіне еріксіз жас алады ұлынан айырылған әке.
6 жастағы баланың өліміне себепкер болған Ольга Алисова 31 жаста. Ол өз кінәсін мойындамай, болған оқиғаға баланың өзін кінәлап отыр. Шетелдік БАҚ-өкілдеріне сүйенетін болсақ Ольга Алисованың жеке кәсібі бар екен. Сонымен бірге оның күйеуі жоғары қызметте жұмыс істейді.

Қайтыс болған баланың әкесінің айтуы бойынша, Ольгамен тек бір-ақ рет кездесіпті. Сол кезде Ольга оған 50 000 рубль ақша берген. Осы оқиғаға қатысты сараптама жұмыстары қайта жасалып, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Аударған: Әсел Өтешова