Барселона қаласындағы керемет сауық кеші жантүршігерлік жағдаймен аяқталды. 4 жастағы қыз бассейнге құлап, батып кеткен. Ерлі-зайыптылар өз қыздарын ес-түссіз жатқан күйінде, бассейннің жанынан тауып алыпты.
Өлім аузында жатқан қызды тездетіп ауруханаға жеткізіп, жан сақтау аппараты арқылы өмірін сақтап қалуға тырысады. Алайда кішкентай жүрек өмірмен күресуге қауқарсыз еді. Осы кезде ерлі-зайыптылар күтпеген шешім қабылдайды. Олар өз өмірінде қызын өз қолымен өлтіремін деп ойламаған еді. Бірақ сол жағдай орын алды. Олар дәрігерлерден жан сақтау аппаратын тоқтатуды өтінген. Олар өз қыздарын қиналғанын көргісі келмеді, себебі кішкентай жүректің бәрібір тоқтайтынын білді. Олардың болған оқиғаға көнбеске амалдары да жоқ еді.

Қыздың әкесі соңғы шешімді қабылдаған болатын.
«Біз қауіпті жерде ойын-сауық өткізгенімізді білеміз. Алайда қызымыз осындай жағдайға тап болады деп ойлаған да жоқпыз. Мен кішкентай қателігім арқылы сүйікті қызымыздан айырылып қаламын деп ойлаған жоқпын», - дейді қыздың әкесі.

Қазіргі кезде ерлі-зайыптылар қайырымдылық қорын ашып, осындай жағдайға тап болған адамдарға көмектесіп жүр. Олар осы істері арқылы қыздарына жақын болғысы келеді екен.
Аударған: Әсел Өтешова