ОҚО-да ауа райы температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде

/uploads/thumbnail/20170710161933547_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде ауа температурасы 40 градустан жоғары көтерілуі мүмкін. «Аптапты ыстық шіліңгір шілденің алғашқы он күндігінде сақталады», – дейді синоптиктер. Сынап бағанасы қазірдің өзінде 40 градусқа жақындаған деп хабарлайды «Қазгидромет».  Аймаққа ыстық ауа ағымы Орталық Азиядан келген. Күннің күрт ысып кетуіне байланысты тұрғындарға ескерту хабарламалар жіберілген. Қан қысымы жоғары азаматтарға бұл күндері далаға шықпауға кеңес беріледі. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи