Қазіргі уақытта Кент графтық аумағының тумасы Салли Джонс халықаралық іздеуде жүр.
ДАИШ террористік ұйымына кірген британдық Салли Джонс өз еліне қайтқысы келеді, алайда жауынгерлердің оны жібергісі жоқ. Бұл туралы Sky News арнасына берген сұхбатында Джонстың құрбысы айтты.
«Ол жылап, елге қайтықысы келетінін айтты, бірақ жауынгердің әйелі болғандықтан ДАИШ қайтуына рұқсат бермеді», - дейді қыз.
Бұдан бұрын Салли Джонстың ислам дінін қабылдап Сирияға кеткені жайында хабарланған. Өзінің сүйіктісі иммигрант Жүнейт Хусейнмен бірге террорситердің қатарына қосылған. Джонс Раккаға ұлын да алып кеткен еді. 2015 жылы Хусейн әуе соққысының салдарынан қайтыс болды.
Шолушы: Гүлім Жақан
Оставить комментарий