Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, балалар кішігірім жарақат алған, қазіргі уақытта екеуі де өз үйлерінде, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі.
Украинаның Чернигов облысында болған құйын 2004 және 2008 жылғы екі баланы көтеріп әкеткен, біраз уақыттан соң жерге құлатқан. Бұл туралы «Укринформ» хабарлайды.
«Оқиға ауыл аймағында орын алған. Қатты жел мен құйын екі баланы көтеріп, жерге тастай салған. Балаларға медициналық көмек көрсетілді, қазіргі уақытта екеуі үйде», - облыстық ТЖ бөлімінің хабарламасында.
Нөсер мен қатты желдің салдарынан облыстың бірнеше аймағы, әрі тұрғындары зардап шеккен. Үйдің шатырлары ұшып, ағаштар құлаған, электр желілері істен шығып, бұршақ егін алқабына зардабын тигізген.
Шолушы: Гүлім Жақан
Оставить комментарий