ҚР Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында Қазақстан еріктілеріне арналған әлеуметтік видеороликпен бөлісті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Бұл әлеуметтік ролик өздерінің қажырлы еңбектерімен әлемді көркейткен Қазақстанның барлық еріктілеріне арналады», - деп жазды министр.
Видеороликтен бос уақыттарын қайырымдылық істерге арнаған әр түрлі жастағы адамдарды көреміз: жастары үлкендерге жәрдем көрсетіп жүрсе, егде жастағы адамдар ауыр халдегі балалардың көңілін көтеруде.
Айта кетейік, бұдан бұрын Дәурен Абаев Қазақстанда әлеуметтік роликтер базасы құрылғанын хабарлаған. Хабар арнасында жарияланған алғашқы ролик ата-ананы қадірлеуге арналды.