Италия Парламентінің депутаты Давиде Капаринидің пікірінше, EXPO көрмесіне салған инвестиция мемлекетке пайда әкеледі. Италия Парламентінің депутаты Астанадағы EXPO қалашығын аралап шықты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Бұл халықаралық шараның басты мақсаты – елді әлемге таныту. Қазақстан бұл мүмкіндікті қалт жіберген жоқ», – дейді депутат.
«2015 жылы Миланда EXPO көрмесі өтті. Халықаралық шара кезінде біз көптеген елдің өкілдерімен кездесіп, жаңа серіктестерімізбен экономикалық әріптестік орнаттық. Бұрынғы байланыстарымызды тереңдете түстік. Астана EXPO-2017 көрмесінде болған кезімде де мен дәл сол көріністерді байқадым. Көрме барлық талаптарға сай келеді», дейді Капарини.