2020 жылға дейін 7 мың шақырым автожол құрылыстан және қайта құрудан өтеді

/uploads/thumbnail/20170721120639983_small.jpg
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында Қазақстанда көптеген жобалар қолға алынды. Оған сай Астанада жаңа әуежай, жаңа теміржол вокзалы салынса, тұтас Қазақстан бойынша «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасы аясында жаңа магистральдар мен теміржолдар салынды. Бұның бәрі EXPO қонақтарын Қазақ елінің қарқынды дамуына куә етері сөзсіз.
2014 жылдың соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына өзінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» деп аталатын Жолдауын арнады. Сол Жолдауда Үкіметке елді индустрияландырудың екінші бес жылдығына өтудің жан-жақты жоспарын әзірлеп, нақты іске көшуді тапсырды. Жолдаудың түйіні – алысты жақын ету болатын.

Елбасы тапсырмасына сай, Үкімет «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» қабылдады. Бұл аса ауқымды бағдарлама ел экономикасының 7 ірі саласын қамтып, оған бірнеше мемлекеттік орган жауапты болды. Елбасы ең бірінші кезекте елдегі автомобиль, теміржол және әуе жолдарын дамытуға баса назар аударды.

Бүгінгі «1 студия» ток-шоуында осы қара жолдың күретамыры істептті авто және теміржолдардың құрылысы және әуе қатынасы туралы айтылды.

Студия қонақтары - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов, экономист-сарапшы Найля Әлмұхамедова,  экономикалық шолушы Ерболат Мұхамеджан.

 «Нұрлы жол» – мемлекетіміз үшін маңызды бағдарлама. Тек қана тас жол емес, оның ішінде теміржол, авиация салалары қамтылған.  Бағдарламаның негізгі үш мақсаты – инфрақұрылым салу, яғни, ел өңірлерін байланыстыру, екіншісі – транзиттік даму, үшінші ең негізгі мақсаты – жаңа жұмыс орындарын құру. Осы бағдарлама шеңберінде жол құрылыстарында бүгінгі күні 75 мың адам жұмыс істейді. Биыл бұл көрсеткіш 100 мыңнан асатын болады. 2,5 жылдың ішінде 1300 шақырым автожол іске қосылды. Соның арқасында осы жылдың бес айында Қытайдан Орталық Азияға және Ресейге баратын жүк көлемі екі есе артты.

4400 шақырым жолда құрылыс және реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстар 2017-2018 жылдары аяқталады. Ал, 2020 жылға дейін жалпы 7 мың шақырым автожол құрылыстан және қайта құрудан өтетін болады», дейді  бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы министр Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, сала басшысы жолдарда пайдаланылған құрылыс материалдарының 95 пайызы өзімізде шығарылғанын атап өтті.

Связанные Статьи