Израиль Ресейге қарсы соғыс өртін тұтандырмақ

/uploads/thumbnail/20170721121756073_small.jpg

Путин стратегиялық ракета әскерлеріне «Тополь» атты 17 континентаралық баллистикалық ракеталық қаруларды соғыс жағдайына әзірлеуге бұйрық берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі mideastpolitic.ru сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ беттеріндегі деректерге сәйкес, БҰҰ-на Ливан елшісі Ноаф Саламның ескертпесінен кейін Владимир Путин стартегиялық бағыттағы ракеталық әскерлерге «Тополь» атты 17 континентаралық ракеталық қаруларды соғысқа әзірлеуге бұйрық берген. Елшінің айтуынша, Израиль Ресейге соғыс ашуға дайындық жүргізіп жатыр екен. 

АҚШ өзінің НАТО-дағы серіктестерімен бірге Ресейге соғыс ашуға жоспар құрып жүргендігі жайлы саяси және соғыс анализдері институтының директоры Александр Храмчихин Путин мен президент Медведевке ескерткен болатын. Себебі, Ресей Федерациясы Ақш пен оның серіктестері Шығыс Еуропада негізін қалаған көптеген базаларға қарсы соғыс қимылдарын тоқтатпаған. Олар Кремльді әлемдегі ядролық қарудың ірі қорлары бар Ресейдегі стратегиялық мақсаттағы ракета әскерлерінің күштерімен ядролық ереуілдерге мүмкіндік беретін жаңа әскери доктринаны қабылдауға мәжбүрлеп жатыр.

Медведев Путинмен бірлесе жұмыс істей отырып, бұрындары дума бірауыздан қабылдаған жаңа заңына қайта оралды. Медведевтің жаңа заңында заңда «Ресей әскерлері шетелде орналасқан ресейлік әскери базаға шабуыл жасау кезінде немесе басқа да мемлекетке қарулы шабуылды тоқтатуға, сонымен қатар Ресейден әскери көмек сұрап, өтініш айтқан елдерге қарулы шабуылды тойтару кезінде шетелдерде қолданылады» деп көрсетілген. Сонымен қатар, Ресей әскерлері теңіз қарақшылығына қарсы және де коммерциялық жөнелту қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қызмет етеді делінген.

Аударған: Назерке Лабихан

Связанные Статьи