Ресей зейенткерлер үшін ең қолайсыз мемлекет болып шықты

/uploads/thumbnail/20170721121315172_small.jpg

Ресей зейнеткерлер үшін ең қолайсыз мемлекет. Бұл туралы жаһандық зейнетақы индексі нақтылады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

2017 жылдың рейтинг көрсеткішінде Ресей 43 мемлекеттің ішінде 40-орында тұр. Зейнеткерлерге одан да төмен жағдай жасалған мемлекеттер қатарында мыналар бар: Бразилия, Греция, Швеция және Жаңа Зеландия. Ал Орталық Азия мемлекеттері рейтингіде көрсетілмеген.

Индекстің құрылымы бойынша параметрлер қатары 0-ден 100-ге дейінгі шкаламен бағаланады. Олар – зейнеткерлердің қаржысы, материалдық тұрғыдан қаматамасыз етілуі және өмір мен денсаулық сақтау сапасы. Сарапшылардың есептеуінше, бір жыл ішінде Ресейде материалдық жағдай мен денсаулық сақтау жүйесі айтарлықтай төмендеген.

Бұдан бұрын Есеп палатасының басшысы Татьяна Голикова Ресейде 22 млн. адам немесе тұрғындардың 15%-ы кедейленгенін айтқан. Ал олардың көбі зейнеткерлер болып шықты.

Экономикалық даму министрлігінің болжамынша, алдағы 20 жыл ішінде Ресейде зейнетақының өсуі күтілмейді, ал 2022 жылға дейін зейнетақының мөлшері төмендеуі мүмкін. 2014 жылдан бастап зейнетақыны қаржыландыру мороторийі іске қосылған.

Связанные Статьи