Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы Жоғарғы оқу орындарына емтихан тапсыратын талапкерлер үшін үш дұға жариялаған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Дұғаларды сәттілікке бастар жол деп сендірді. «Сенімді нығайтып, талапкерлер мен олардың жақындарына тыныштық сыйлайды», - делінген басқраманың баспасөз қызметінде.
Алғашқы дұға емтиханның сәтті аяқталуына арналған. Мазмұны мынадай: «Аллам, жеңіл ет, әуре-сарсаңға салдырма. Бұл ісіміздің сәтті аяқталуын нәсіп еткейсің».
Ал екіншісі талапкерлердің коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге арналған.
«Құдайым! Жүрегімді кең ет. Ісімді оңынан ет. Тілімдегі түйінді шешкейсің. Олардың мені түсінуін жеңілдеткейсің».
Үшінші дұға «білім мен ой-сананы» арттырады. Талапкердің емтиханда өзін сенімді ұстауына жол ашады.
Оставить комментарий