«Егер Иран әділетсіз ұсталған америкалық азматтарды босатпаса, бастары үлкен бәлеге қалады», - деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп. Бұл туралы кеше, 21 шілдеде Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Трамп Тегеранды ФБР-дің бұрынғы агенті, 10 жыл бұрын Иранда жоғалып кеткен Роберт Левинсонды қайтарып беруге, кәсіпкер Сиамак Намази мен оның әкесі Бакерді және "Иранда әділетсіз ұсталған" АҚШ-тың басқа да азаматтарын босатуға шақырды.
Сондай-ақ америкалық азаматтардың амандығына Иран жауапты екенін мәлімдеді. Егер азаматтар қайтарылмаса, жағдайдың қиындайтынын ескертті.
Оставить комментарий