Исландия жағалауында британия сүңгуіршілері Екінші дүниежүзілік соғысы уақытындағы жүк кемесінде алтыны бар жәшікті тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілетеме жасап. Ол нацистерге тиесілі болған деген болжам бар. Advanced Marine Services компаниясы шамамен Оңтістік Америка банктерінен алынған SS Minden кемесінен төрт тонна алтын тапты.
Мәліметтерге қарағанда, кеме Бразилиядан Германияға жол тартқан. Бірақ 1939 жылы Исландия жағалауынан 190 километр жерде теңіз түбіне батып кетеді. Advanced Marine Services компаниясы Исландия елінен кемеде тесік жасап, жәшікті алуға рұқсат сұрап отыр. The Sun компания бұл алтынды Ұлыбританияға алып кеткісі келетінін де жазады. Табылған олжаның жалпы құны шамамен жүз миллион фунт құрауы мүмкін.
Оставить комментарий