Төрт салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, Халықаралық бокс даңқының мүшесі панамалық Роберто Дюран бокс туралы Boxing News журналына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин туралы не ойлайтынын айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Әрине, қазір уақыт басқа және ұлы боксшылар да аз, есесіне ақша көп. Головкин, онымен есептеспеуге болмас. Оны жеңу үшін жан-жақтан соққы жасауға мәжбүрлеу керек, өйткені ол саған тік жүрсе, сені өлтіруге тырысады. Оны айналып жүріп есін шығару керек, оның үстіне соққы жасауға дайындалдырмау керек, сосын ғана онымен жұдырықтасқан жөн", - дейді Дюран.
Мұның алдында Дюран Головкин-Альварес жекпе-жегіне қатысты айтқан сөзінде мексикалық боксшы жеңеді деген болатын. Оның сөзінше, Головкин соңғы жекпе-жегінде нашар жұдырықтасты.
Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.
Оставить комментарий