Шетелдік БАҚ қазақстандық скрипкашыны Сара Назарбаевамен шатастырды

/uploads/thumbnail/20170724142615928_small.jpg

Аталмыш қателікті алғашқы болып америкалық Dailynews порталы жіберген.

Шетелдік БАҚ-тардың қатары Голливуд актері Николас Кейджбен суретке түскен қазақстандық скрипкашы Айман Мұсақожаеваны Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаевамен шатастырып алған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші болып қателескен амеркалық Dailynews сайты болды, кейіннен өзге ақпараттық агенттіктер сайттан дәл сондай қателікпен көшіріп алған.

Шетелдік БАҚ «Сокровище нации» фильмінің жұлдызы қазақтың ұлттық киімімен Астанада өткен «Еуразия» кинофестивалінде Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаевамен суретке түсті» деп жазған.

Айта кетейік, 23 шілде күні Голливуд актері, әрі режиссер Николас Кейдж Қазақ ұлттық өнер университетінде болды. Университет ректоры Айман Мұсақожаева кәдеге сай шетелдік қонаққа қазақтың ұлттық шапанын жапты, кейін бірге суретке де түсті.

Николас Кейдж Астанаға «Еуразия» XIII халықаралық кинофестиваліне қатысу үшін келген. Актер «Бес континент» аталатын балаларға арналған киноның ашылуына қатысып, артынша мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи