Ирак әскері Мосул қаласының батыс бөлігінен содырларға тиесілі жарылғыш шығаратын зауытты анықтап, жойып жіберді. Лаңкестікке қарсы жасақ өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын Бадуш елді мекенінде орналасқан, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп. Ол жерден жарылғыш жасауға қажетті заттар жасырылған қойма табылды. Сонымен қатар, Ирак әскері лаңкестер екі апта бұрын ғана басып алған ауылды азат етті. Олар мұнда ескі шаһардан шегініп шыққаннан кейін шабуылдаған.
Деректерге қарағанда елді мекенде 700-ге жуық террорист жасырынған. Қақтығыс кезінде олардың 300-ге жуығы қаза тапқан болуы мүмкін. Әзірге көбінің мәйіті қиранды астында жатыр.
Еске сала кетейік, Ирак премьер-министрі Хайдар Абади Мосулдың содырлардан азат етілгенін 10 шілде күні ресми түрде мәлімдеді.
Оставить комментарий