Израиль, АҚШ пен Ресей арасында құпия кездесу өтті. Кездесу барысында Сириядағы жағдайды реттеу туралы келіссөздер жүргізілді. Haaretz мәліметінше, үш ел өкілдерінің кездесуі Гамбургте өткен G20 саммитіндегі Трамп пен Путин кездесуінің алдында орын алған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Үш елдің өкілдері Иорданияның астанасы Амман қаласында кездескен немесе Еуропадағы бір елдің астанасында бас қосқан.
Деректерге сәйкес, Израиль жағынан кездесуге Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Қорғаныс министрлігі өкілдері, «Моссад» сыртқы барлау өкілдері мен мемлекеттің қарулы күштері қатысқан.
Америка жағынан Сирияға байланысты арнайы елші, мемлекеттік хатшының көмекшісі Майкл Ратни, «Ислам мемлекеттер» террористік ұйымға қарсы коалициядағы АҚШ президентінің арнайы өкілі қатысты.
Ресей жақтан Сирияға байланысты президенттің арнайы елшісі Александр Лаврентьев қатысты.
Мәліметтерге сәйкес, Амманда бір күнде екі кездесу өткен. Екеуі де Сириядағы жағдайға байланысты жүргізілген.
Бірінші кездесуге АҚШ, Ресей, Израиль өкілдері қатысты. Тель-Авив өзінің позициясын Вашингтон мен Мәскеуге таныстырды. Екінші кездесу Израиль, АҚШ, Иордания арасында өтті. Бұл кездесуде Тель-Авив пен Амманның көзқарасы бір жерден шықты.
Бірнеше күннен кейін Израиль мен АҚШ, Ресей өкілдері Еуропадағы бір мемлекеттің астанасында қайта бас қосты. Деректерге сәйкес, бұл кездесуге Иордания жағынан өткен кездесуге қарағанда жоғары қызметтегі мемлекет өкілдері қатысқан.
Бұл кездесуде Израиль Иран әскерін Сириядан шығаруды ұсынды.