2016 жылы әлемде қанша адам теракт құрбаны болды?

/uploads/thumbnail/20170816081959560_small.jpg

2016 жылы әлемде 13,4 мың теракт орын алған. Нәтижесінде 34,7 мың адам көз жұмған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net мәліметіне сүйеніп хабарлайды. Бұл ақпаратты АҚШ-тың Мэриленд штатындағы университеттердің біріндегі терроризм жайындағы әлемдік база растап отыр.

Терроризм салдарынан Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка ең көп зардап шеккен деп танылып отыр. Былтырғы жылы терроризм салдарынан 19,1 мың адам көз жұмған. Бұл көрсеткіш әлем бойынша теракт құрбандарынынң 55 пайызын құрайды.

Батыс Еуропада теракт 238 адамның өмірін қиды. Ал Пәкістан Оңтүстік Азиядағы ең көп зардап шеккен ел тізімінде. Ол жерде 1100 адам көз жұмған.

Ирак та бұл қатарды толтырып отыр. Иракта ең көп шығын келтірген 11 шабуылдың 10-ы өткен. Шабуылдың барлығын «Ислам мемлекеті» өз мойнына алған.

«Рекорд» қойған шабуыл да Иракта орын алған. Террорист Бағдадтың орталығында жүк көлігін жарып жіберген. Нәтижесінде 382 адам көз жұмған.

Ислам мемлекеті содырларына 1400 шабуыл жүктелген. Содырлар 11,7 мың адамның жанын қиған.

Бұдан бөлек Батыс Еуропада террористік шабуылдың саны салыстырмалы түрде аз болғанымен ел ішінде автокөлікпен шабуыл жасау жиілеп кеткен.

Айта кетсек, 17 тамыз күні Барселонаағы теракт нәтижесінде 14 адам қаза тауып, 100-ге жуық адам жараланған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи