«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы ауысты

/uploads/thumbnail/20170825103524596_small.jpg

Белгілі ақын, журналист, публицист Жанарбек Әшімжан «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агентігі.

Сонымен қатар Жанарбек Әшімжан  Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, «Қаламгер – media» орталығының директоры қызметін қоса атқарады.

Жанарбек Әшімжан «Қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған. 2002 жылғы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері;

«Тұран Әлем Банкі» ұйымдастырған республикалық жыр бәйгесінің, «Бір өлең — бір әлем» атты халықаралық жыр мүшәйрасының бас жүлдегері;

Өлеңдері 2004 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген «Жас ақындар антологиясына» енген.

Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы республикалық жас қаламгерлер кеңесінің төрағасы.

Түркістан қаласында өткен Өмірбай Сәуірбаевқа арналған республикалық жыр мүшәйрасының I орын  жүлдегері.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының «Журналистикаға сіңірген еңбегі үшін» арнайы медалімен марапатталған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи