Мьянмада үш күннің ішінде үш мыңға жуық мұсылманды азаптап, өлтірген (фото)

/uploads/thumbnail/20170831184911008_small.jpg

Аракан штатындағы Мьянма елінде әскери шабуылдың салдарынан үш күн ішінде 2-3 мыңға жуық мұсылман өлтіріліп, 100 мың мұсылман үйлерінен қуылған.

Бұл туралы Мұсылман Рохинья Еуропалық кеңесінің баспасөз хатшысы Анита Шуг «Анадолу» агенттігіне хабарлаған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, соңғы күндері Аракандағы әскерилердің өткен жылдарға қарағанда мұсылмандарға қарсы қылмыстық әрекеттері жиілеген. «Жағдай ешқашан дәл осылай ушығып көрмеген. Араканда жоспарлы түрде геноцид саясаты жүзеге асырылуда. Бір ғана Саугпара ауылының өзінде қантөгіс болып, соның салдарынан мыңға жуық мұсылман қырылған. Бір бала аман қалды», – деді Шуг.

Жергілікті белсенділер мәліметі мен дереккөздерге сүйенсек, Аракандағы қантөгістің артында Мьянма әскері тұр. Қазіргі уақытта үйлерінен қашқан екі мыңға жуық мұсылман Мьянма мен Бангладештің шекарасын паналап жүр. Анаукпьин мен Няунгпьинги ауылын буддистер жаулап алған.

«Жергілікті тұрғындар кінәсіз екендерін айтып, өздерін ауылдардан эвакуациялауды сұраған. Алайда биліктен жауап болмады. Дәл қазіргі уақытта ауылдарда жүзге жуық мұсылман қалды және олардың өміріне қауіп төніп тұр», – деді Шуг.

Бұдан бұрын Аракан белсендісі, дәрігер Мухаммед Эйюп хан мұсылмандарға қарсы Мьянма билігі мен буддистер тарапынан жүзеге асып жатқан қантөгісті тоқтатуға БҰҰ-дан көмек сұраған еді. 2016 жылы биліктің қысымына шыдамаған жас мұсылмандар бақылау пунктеріне шабуыл жасаған. Бұл жағдайдан соң Мьянма билігі бақылау пунктерін жауып, қауіпсіздік күштері Аракан штатындағы ауылдарға шабуылдап, жергілікті тұрғындарды өлтірген.

Эйюп ханның айтуынша, 25 шілде күні БҰҰ үш адамнан тұратын арнайы комиссия бөлген екен, алайда Мьянма билігі ұйымның штатқа өтуіне жол бермеген. Соның салдарынан билік 25 ауылды қоршауға алып, соңы қантөгіске ұласқан. БҰҰ аталмыш жағдайды геноцид емес, этникалық тазалау деп атаған.

Исламофобиялық күйдегі Мьянма билігі 1940 жылдан бастап Аракан штатын мұсылмандардан тазалау шараларын ең сорақы әдістер арқылы жүргізіп келеді.

Түркияның вице-премьері Бекир Боздаг Мьянмада мұсылмандардың өлімін қатаң түрде айыптады. «Мьянмадағы тұрғындардың азапталып жатқаны Түркияның алаңдаушылығын тудырды. БҰҰ мен халықаралық ұйымдар аталмыш жағдайға көз жұма қарамау керек. Бұл нағыз – геноцид», – деді Боздаг.  

2013 жылдың 23 наурызында жарияланған видео. Мьянмада мешіттерді өртеп, мұсылмандарды өлтірген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи