АҚШ президенті «Харви» дауылымен күрес үшін Конгрестен қаржы сұрамақ

/uploads/thumbnail/20170826101952754_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп «Харви» алапат дауылының салдарымен күрес үшін Конгрестен 6 миллиардқа жуық қаржы сұрамақ. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Associated Press мәліметіне сүйеніп хабарлайды. 

Билік өкілдері бұл соманың әлі өзгеруі мүмкін екенін айтады. Конгрестің қос палатасы өзекті мәселені бүгін қарағалы жатыр. Қазірге дейін көмек ретінде 530 миллион доллар бөлінген. Ал Техас губернаторы Грег Эббот бұған дейін федералды үкіметтен апатпен күресуге 125 миллиард доллар қаржы сұраған еді.

Сарапшылар жойқын дауылдан келген шығын 160 миллиардтан асып түседі деп отыр. Соңғы ақпаратқа қарағанда дауылдан қаза тапқандар саны 40-қа жеткен. Көмекке зәру 13 мың тұрғын құтқарылды. Су тасқынынан 100 мың үй бүлінген. Құтқару жұмысына 25 мыңға жуық сарбаз жұмылдырылды. Қазір дауыл Миссисипи мен Тенесси штатына қарай бет алыпты. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи