Пәкістанда толассыз жауған нөсер салдарынан 5 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170901101300563_small.jpg

Пәкістанның Карачи қаласында толассыз нөсер мен дүлей дауыл ойран салды. Табиғаттың тосын мінезінен шаһардың 5 тұрғыны қаза тапты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Кейбір аудандар электр тоғы ажыратылып, көшелерді көлкіген су басқан. Осыған байланысты жергілікті билік мектептер мен мемлекеттік мекемелердегі жұмысты тоқтатты.

Ал синоптиктер болжамы бойынша, шелектеп құйған жаңбыр әлі үш күн бойы толас таппайды. Жалпы Пәкістанда маусым мен қыркүйек айларының арасы жылда жауын-шашынды болады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи