Әбілхан Аманқұл Рио Олимпиадасының тағы бір жүлдегерін жеңді

/uploads/thumbnail/20170805121430357_small.jpg

Гамбургтегі әлем чемпионатының финалына екінші боксшымыз шықты. 75 келіге дейінгі салмақта Әбілхан Аманқұл жартылай финалда әзірбайжандық Камран Шахсуварулын жеңді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі kaz.vesti.kz мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Төрешілер 4:1 есебімен қазақ боксшысын жеңіспаз ретінде таныды.

Камран Шахсуварулы 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған боксшы. Ширек финалда Жәнібек Әлімханұлын жарыс жолынан шығарған болатын.

Әбілхан Аманқұл әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Ширек финалда әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының жеңімпазы кубалық Арлен Лопесті жеңген еді.

Айта кетейік, осыған дейін 56 келіге дейінгі салмақта Қайрат Ералиев финалға шықса, 49 келіге дейінгі салмақта Жомарт Ержан қола жүлдегер атанған-ды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи