Грозный қаласында 1 млн. 100 мың мұсылман митингке шықты (видео)

/uploads/thumbnail/20170905135531641_small.jpg

Мьянмадағы мұсылмандарға жасалып отырған  геноцидке қарсы Шешенстандағы Грозный қаласының тұрғындары митингке шыққан болатын. Ресми дерекке сәйкес митингке қатысқан адамдардың саны 1 млн. 100 мың болған, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік  БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.  Митингке шыққандар Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарға жасалып жатқан жауыздықты тоқтатуды талап етіп отыр.  Аталған митингке Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров та қатысып, сөз сөйледі.  Сонымен бірге өзге аймақтардан да мыңдаған адамдар келіп, митингке атсалысқан болатын. Грозный қаласының бірнеше телеарналары митингті тікелей эфир арқылы көрсеткен. Миллионнан астам адамның мақсаты мен талабы бір. Олар өз бауырларына жасалып жатқан сорықылықты тоқтатып, жауыздардың жазаланғанын қалайды.

Еске сала кететін болсақ, Мьянма үкіметі өз елін мекендеген рохинджа мұсылмандарын жауыздықпен, азаптап өлтіріп жатыр. Ресми дерекке сәйкес қаза тапқан мұсылмандардың саны 400 болса, бейресми деректерге сүйенсек  олардың саны 4 мыңға жеткен.

Связанные Статьи