Жанқош Тұраров еліміздің Мәдениет және спорт министрімен кездесті

/uploads/thumbnail/20170905142333242_small.jpg

Кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта ел намысын қорғап жүрген боксшымыз Жанқош Тұраров Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен жүздесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарата агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Кездесу барысында әлі жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров министрге өз командасының жаңа логотипі белгіленген жейдені сыйға тартты.
Арыстанбек Мұхамедиұлы өз кезегінде былғары қолғап шеберіне 9-қыркүйекте Астана өткізетін жекпе-жегіне жеңіс тілеп, батасын берді. 
Тұраровтың қарсыласы аргентиналық Бруно Леонардо Ромэге  25 кездесуі өткізіп 21 жеңіске жеткен боксшы. Тұраров болса кәсіпқой рингте 21 жекпе-жегінің бәрін ұтып, 15 мәрте нокаут тіркеген.

Связанные Статьи