17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) «T-Mobile» аренасында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында көптен күткен жекпе-жек өтеді. Отандасымыздың жекпе-жегін «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді. Отандасымыздың бұл жекпе-жегін «Қазақстан» ҰТА мен «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 06:00-де.
Оставить комментарий