Қоғамдық кеңестер қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды

/uploads/thumbnail/20170925185308196_small.jpg

Қарағанды қаласында 2017 жылдың 25 қыркүйегінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен ұйымдастырылған «Қоғамдық кеңестер: қызметінің мәселелері мен келешегі» тақырыбында республикалық конференция өтті.  Іс-шараның негізгі мақсаты қоғамдық кеңестер қызметінің үздік тәжірибелерін көрсету мен тәжірибе алмасу, сонымен қоса қоғамдық кеңестер туралы заңнама мен олардың қызметін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар жасау болып табылады.

Конференция жұмысына республикалық және аймақтық қоғамдық кеңестердің мүшелері, сараптамалық қауымдастықтың, ҮЕҰ және т.б. мүшелері қатысты.

Негізгі спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сейдуманов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Айгүл Соловьева, саясаттанушы Ерлан Саиров, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ төрайымы Зәуреш Батталова, Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің профессоры Колин Нокс және т.б. сөз сөйледі.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Нүкенов қоғамдық кеңестер жергілікті жердің және саланың өзекті мәселелерін шешу бойынша тиімді механизм екендігін атап өтті. Қоғамдық кеңестер тұрғындарға өзекті мәселелерді көтеруге, қоғамдық тыңдалымдар, мемлекеттік органдармен қабылданған шешімдерге қоғамдық мониторинг пен сараптама жүргізуге мүмкіндік беретін, қоғамдық бақылаудың сәйкес құралдарымен заңнамалық қамтамасыз етілген.

Вице-министр қоғамдық кеңестердің қызметіне ҮЕҰ, саяси партиялардың басшыларын, қоғамдық пікір көшбасшыларын белсенді тартудың қажеттілігін атап өтіп, мемлекеттік органдарға тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешуде қоғамдық кеңестердің әл-ауқатын қолдануды ұсынды.

Саясаттанушы Ерлан Саиров өз сөзінде: «сананы жаңғыртудың мақсаттарына қол жеткізу үшін бізге азаматтық қоғаммен жұмысты қайта қалыптастыру керек. Жергілікті жерлерде Қоғамдық кеңестер – бұл бірегей мүмкіндік, аймақтың әлеуметтік даму мәселелеріне жауаптырақ қарайтын өңірлік элитаны құру мен тәрбиелеу механизмдері деп айтуға болады», - деп атап өтті.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Айгүл Соловьева өз кезегінде азаматтық қоғам дамуының заманауи үдерістері, қоғамдық кеңестердің құрылуының кезеңдері мен олардың қызметі туралы баяндады. Сонымен қоса, «қоғамдық кеңестердің негізгі мақсаты республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдер қабылдау кезінде қоғамның мүдделерін қорғау болып табылатындығын» айтты.

«Әлеуметтік жаңғырудың негізгі элементі технологиялық ойлаудың деңгейіне сапалы түрде көшу, заманның талабына сәйкес әлеуметтік және рухани ұйымдастырудың ең озық әдістерін үйрену болып табылады. Дегенмен, қоғамдық кеңестердің жұмысында заңнамалық қамтамасыз етуді қажет ететін мәселелер бар. «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға өзгерістер енгізу керек»,- деп Парламентаризмді дамыту қорының төрайымы Зәуреш Батталова атап көрсетті.

Конференция шеңберінде есептік мемлекетті қалыптастыруда қоғамдық кеңестердің әл-ауқатын дамыту мәселелері бойынша семинар, тренинг, панельдік дискуссия түріндегі диалогтық алаңдар өткізілді.

Жалпы, іс-шараға қатысушылар Қоғамдық кеңестер қызметінің тәжірибесі, бүгінгі күннің өзінде, түрлі мәселелер бойынша азаматтық қоғам пікірін айту үшін бірегей диалогтық алаң және жұмыс істейтін қоғамдық институт құрылғандығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Кездесудің нәтижесінде конференцияның қатысушылар қатарынан қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмыс тобының аясында әзірленген ұсынымдар ү.ж. қараша айында өтетін Республикалық Қоғамдық кеңестер мәжілісі барысында ұсынылатын болады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи