Көп жыл бойы өгей әкесінен қорлық көріп, оны түрмеге тоғытқаннан кейін оның туыстары қысым жасап жүрген Әлия Естенованың бастан өткерген оқиғасын назарларыңызға ұсынамыз.
Сот шешімінен кейін анасы мен қызына өгей әкенің туыстары күн көрсетпейтін болды. Ол уақытта да қыз қорыққаннан ешкімге тіс жармады. Тек өгей әкесінің бостандыққа шығуына 1 жыл қалғанда «тірі қалдырмаймын» деген қорқытуларынан кейін ғана қыз барлығын баяндап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.
Әлия «Үнсіз қалма» атты зорлық-зомбылыққа қарсы қозғалыс басшысының оқиғасын естігеннен кейін өзінің басынан өткен жағдайды айтып беруге бекінді.
"Динаның бастан өткергенін ашық айтқанына таңғалдым. Мен әлемге өкпелі едім. Алайда мен жыламаймын, барлығын ішімде сақтаймын деп шештім.
Дина қорқынышымды жеңсем өзгелерге көмектесе алатынымды айтты. Мен оған сендім. Халықаралық конференцияда сөйлеймін деп ойлаған емеспін. Қазір айтқан сөздерім есімде жоқ. Тек «Мен құрбан емеспін» дегенім есімде. Өгей әкемді 11 жылға бас бостандығынан айырса да 10 жыл бойы рухани дағдарыста болдым. Оның туыстары қысым көрсетті. Өгей әкемнің даусын түсімде де, өңімде де еститін болдым.
Оның туыстары менің барлығын ойдан шығарғаныма сенімді. Менің «өтірігімді» әшкере ету үшін мені аңдумен болды. Мен тіпті тізерлеп олардан мені жайыма қалдыруды өтініп сұрадым. Бірақ оларға сөздерім әсер етпеді. Өгей әкемнің әпкесі ол түрмеден шыққанда мені тірдей көметінін айтты.
Психологқа қаралғанда бастан өткергенімді қайта есіме алу қиынға соқты. Егер өгей әкем жақындарыма зардабын тигізер болса барлығына баруға дайынмын. Алайда өгей әкемді көргенде бойымды қорқыныш билеуі де әбден мүмкін.
Аналар, балаларыңды күйеулеріңнен артық көріңдер
- Анаңның сондай адамға тұрмысқа шыққаны үшін оған ренжімейсің бе?
- Әзірше бұл сұраққа жауап бере алмаймын.
- Балалы жасы келген тұрмыс құрайын деп жүрген әйелдерге қандай кеңес бересің?
- Мен оларды кінәламаймын. Өзім тек бір мәрте ғана сүйгеніме тұрмысқа шыққым келеді. Әзірше отбасын құру туралы ойланбадым. Менің жеткіншек кезімде бастан өткергенім қиындық тудырмай қоймайды. Жанымда әлі күнге дейін агрессия, ыза мен реніш бар. Басқалар оны ішімдік, есірткімен басуға талпынса мен спортпен айналысу арқылы жеңуге тырысамын. Мен адамдармен тез тіл табысып кетемін. Менің өмірлік ұраным «Шағымданбау». «Үнсіз қалма» қозғалысына тек қазақстандықтардың маған деген қолдауын сезіну үшін ғана келдім.
Аналарға айтарым, балаларыңызды жақсы көріңіздер. Құлап қалса да, күйіп қалса да, қандай жағдай болмасын балаңызға көңіл бөліңіз. Егер кенеттен балаңыз күйеуіңізбен дүкенге баруды қаламаса, бірден дабыл қағыңыз.
Әйел күйеуін қатты жақсы көрсе, айналасында не болып жатқанын білгісі де, естігісі де келмейді. Мен өз анам туралы айтып жатқан жоқпын. Жалпы екінші мәрте тұрмыс құруды жоспарлап жүрген балалы әйелдерге ескертіп жатырмын.
Сіз анаңызға өгей әкеңіздің сізге тиісетінін айтуға тырыстыңыз ба?
Иә, айтуға тырыстым. Бірақ өгей әкем анама айтып қойсам, оны тастап кететінін және анам сол үшін мені өлтіріп тастайтынын айтып қорқытты.
Сіз оған сендіңіз бе?
Менің ол уақытта жасым небәрі 8-де болды. Әрине сендім. Мен одан қорықтым. Ол бірінші рет анамды ұрғанда екеуінің арасына түстім. Сол уақытта ол мені қатты ұрғаны соншалық мұрнымды сындырып жіберді. Осы жәйттан кейін өгей әкемнің маған не істегенін қалайша айтпадым? Мен анам мен сіңлім үшін уайымдадым. Бір күні ол үйге мас күйінде келіп, диванда жатқан өзінің қызын, менің сіңлімді керек емес зат секілді лақтырып жіберді. Егер мен ұстап қалмағанда ол жерге құлаушы еді. Үш сіңлім үш түрлі әкеден болса да оларды туғанымдай көремін.
Болашағыңызды қалай елестетесіз?
Қорқынышымды жеңіп, дені сау адам болғым келеді. Мен ертең-ақ тұрмыс құрып, көп балалы ана атанып, шетелге көшіп кетемін деп айта алмаймын. Мен жас жеткіншектерге көмектесемін деп алдыма мақсат қойдым.
Шындыққа тіке қарау керек
«Үнсіз қалма» қозғалысының басшысы Дина Смаилованың пікірі.
Біздің халық жауапсыз. Көршісінің әйелін айуандықпен ұрып-соғып жатқанын көріп, естісе де онымен қолын беріп амандасу арқылы әрекетіне қолдау білдіреді.
Менің түсінгенім, біз қанша орталық салсақ та, қанша мемлекеттік бағдарлама қабылдасақ та қоғамның зорлық-зомбылыққа деген көзқарасы өзгермей алға ілгерілеу болмайды.
Әлия Естенованың өгей әкесінің туыстарына келер болсақ, олар қылмыскерді емес, өз тегін ақтап алғысы келеді. Аина Бузик үш кішкентай баласымен және рухани, моральдық тұрғысынан жаралы 14 жастағы қызымен пәтерден пәтерге көшіп жүргенде қылмыскердің туыстары оған Ресейден пәтер алып беруді ұсынған. Бірақ Аина қызы үшін күресу мақсатында ұсыныстан бас тартты.
Біреу жол апатына түссе барлығы оған қолдау білдіру үшін ауруханаға асығады. Ал бұл жақта жан мен рух қиналып отыр.
Біздің қоғамда бейкүнә баланы ересек ер адамның зорлауы ұят болып есептеледі. Өгей әкесінің туыстары қысым көрсетуімен қатар сыныптастарының ата-аналары, мектеп директоры қызға қарсы шықты. Бұл Әлия үшін екінші ауыр соққы болды. Сондықтан Аина Астанадан Алматыға көшуге мәжбүр болды. Бірақ бұрынғы күйеуінің туыстары оны Алматыдан да тауып алды. Қылмыскер түрмеден шығу үшін ақша ұсынуын тоқтатар емес. Аина бастан қандай қиын сәттерді өткеріп жатқанын біле тұра оған 50 мың теңге ұсынған.
Қылмыскер түрмеден шыққаннан кейін жаңа құрбан іздеген жағдайлар көп кездескен. Сондықтан Әлия өзі үшін емес өзгелер үшін уайымдайды. Себебі өгей әкесінің жиен қарындастары ол үшін туысқан емес, өз құмарын қандыратын адам ғана екенін түсінбейді.