Қазақстандағы ислам шетелдік журналистің көзімен: Жазалану немесе намаз оқу

/uploads/thumbnail/20171024142533150_small.jpg

Ақпараттық-аналитикалық орталық порталының тілшісі Қазақстандағы исламның бүгінгі жайы турасында өзіндік сараптама жасап көрген. Оның айтуынша, елімізде исламның дамуы тиісінше жеделдетілген, алайда дәстүрлі исламға бағынбайтындар көп. Журналист Тимур Исахановтың қысқартылған нұсқадағы сараптамасы төмендегідей.

Қазақстанда өзін мұсылман санайтындардың көбі «зекет» деген сөзді жақсы біледі. Зекет беру арқылы қандай сауапқа кенелетіндерін де түсінеді. Алайда шын пейілімен үнсіз ғана парызын орындап жүрген мұсылманды кездестіру ол елде қиын. Посткеңестік мемлекетте исламның болуы, дамуы – қалыпты дүние. Соңғы кездері даму жиілігі тіпті жылдамдығын арттырды десе де болады.

Мұны жаз айында жағалауларда қыдырып жүрген қазақстандық мұсылмандардан байқауға болады. Қазақстанда мұсылман әйелдерге арналған арнайы шомылу киімін байқай қоймадым. Сондықтан, әйелдердің көбі жағалауда балалары мен күйеуінің көңіл көтеріп жатқанын жай ғана қарап, бақылап отырады. Тіпті, ер адамдар да суға түспейді, жағалауда тамақтың қамын ойлап жүреді.

Қазақстанда исламға қатысты қақтығыстар да жоқ емес. Қақтығыстар көбіне жалпы білім беретін мектептерде орын алып жатады. Яғни, ондай мектептер оқушылардың мұсылманша киінуіне түбегейлі қарсылық танытуда. Осы себепті мектеп басшылығы мен тұрғындар арасында түсініспеушіліктер болып жатады. Алайда басшылықтың дегеніне көнетіндер көп.

2011 жылы Ақтөбе облысы Темір ауданында өткен контртеррористік операциядан кейін көпшілік осы аймақтарды бақылауға кірісті. Сондағы халықты алаңдатқаны – аймақта кітапханалар мен медициналық орталық және спортзалдардың жоқтығы емес, өкілдік мешіттердің жоқтығы. Кейінірек, жергілікті аймақтарда дұға оқып, құлшылық жасаған адамдардың соққыға жығылғаны хабарланды.

Сөйтіп, исламның кейбір белгілерінен үркіген билік  оны басуға көшті. Кей аймақтарда өзгеріс байқалған, алайда Алматыдағы көрініс мынадай болды. Құрылысшылар жұмыстарын істеп жатқан уақытта бірі намаз уақытының басталғанын хабарлайды. Бәрі жиналып жақын аймақтағы мешітке қарай ағылып жатады. Жаһандану уаххабистерге өз мақсаттарын жүзеге асыруға жол ашты – олар өз мақсаттарын миссионерлер мен кітаптар арқылы ғана емес, интернет-сайттарды да пайдалануға көшті. Тіпті, уаххабистер билік басында да болуы мүмкін деген қауесет тараған.

Дәстүрлі исламды ұстанбайтындар Қазақстанның бүгінгі саяси жағдайын ақылға қонымсыз деп есептейді. Кейбір сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы исламның жедел дамуы, күшеюі 2009 жылғы дағдарыстан кейін басталған.

Исламның деңгейін айқындайтын Қазақстандағы тағы бір бөлім – түрме. Мемлекеттің қай аймағында болмасын тұтқынның екі таңдауы болады – жазалау ережелеріне бағыну немесе намазға жығылу. Екінші жағдайда тұтқынды түрмеде де қорғайтындар табылады деген сөз.

Қазақстандағы білім, ғылым саласы да исламизацияланған. Адамдар рухани ізденуден қалып барады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи