Неге «жоқ, жоқ!» дейсің? (Министр мен әншіге арналған достық әзіл)

/uploads/thumbnail/20171024175258561_small.jpg

Бір күні еліміздің энергетика министріі Қанат Бозымбаев әнші Ерке Есмаханды арнайы кабинетіне шақырып алды.
–Можына ағай,–деді әнші есіктен басын қылтитып.
–Можына емес, рұхсат. Келіңіз, мұнда отырыңыз.
Әнші именіңкіреп, «Бұл кісі қарапайым әншіні не үшін шақырды екен? Әлде баласы үйленіп, тойында ән айтқызбақ па? Қанша төлейді екен?» деген сұрақтармен санасына сурет салып, бір түрлі болып отырды.
–Шақырған екенсіз... –деді әнші. Министрдің түсі суық. Қабағында қар, мұрнында мұз, қасында қырау жатқандай. 
–«Жоқ, жоқ!» деген әніңіз бар еді ғой, соны айтыңызшы?
–Ка...Кабинетіңізде ме?
–Ия! –деп министр жұдырығымен столды қойып қалып еді, әнші селк ете қалып, «Қайда?» әнін шырқай жөнелді.
Ауыл менен қала, көше менен дала,
Сені іздедім мен сені ғана...
Ауыл менен қала, галактикада ма?
Тілегің іздемей табыла ма?

Сен жоқсың, таба алмадым сені,
Сен жоқсың, жоқсың, іздемейсің мені
Сен жоқсың, жоқсың, бар болсаң қайдасың? 
Сен кімсің, жүрсің қайда?

Алматыда жоқ, жоқ
Астанада жоқ, жоқ,
Сені іздедім, үмітті үзбедім...
Ақтөбеде жоқ, жоқ
Шымқалада жоқ, жоқ,
Сені іздедім, үмітті үзбедім...
Министр орнынан атып тұрды. Әнші де еріксіз атып тұрды. Саусақтары дірілдеп...
–Мен сізді не үшін шақырдым, білесіз бе? «Жоқ, жоқ!» деп ән айтып едіңіз, Құдайдың құлағына шалынды ма, кім білсін, бір– екі айдан бері елімізде бензин жоқ, жоқ, Астанада жоқ, жоқ, Алматыда жоқ жоқ! Ана жерде жоқ, жоқ, мына жерде жоқ жоқ!
–Кешіріңіз, мен сізді сыртыңыздан сыйлаймын, бірақ бензинге менің қатысым қанша? –деп қорыққан Ерке Есмахан көз жасын бір сығып алды.
–«Жоқ!» деген сөз жаман ырым! Неге Астанада бар,бар, Алматыда бар, бар деп айтпайсыз? Сіздің кесіріңізден үкімет үмітімді үтіктеп, елбасы сөгіс жариялады! Бензинді қымбаттатып жібердік!
–Қойыңызшы ағай, менің кесірімнен бе?
–Ағай демеңіз! Министр сөйлеп тұр алдыңызда! 
–Ой ағай, мен сізді тойға шақырды екен ғоой деп келсем? Ән мен бензин үш қайнаса да, сорпасы қосылмайды ғой? –деген әнші орнынан ашулы тұрып, «Астанада жоқ, жоқ, Алматыда жоқ, жоқ...» деп әндете, кабинеттен шығып бара жатты...

Мұхтар ШЕРІМ
Вконтакт желісіндегі "Бөрілі Байрақ" тобынан

Оставить комментарий

Связанные Статьи