Қытайлық China Eastern авиакомпаниясының стюардессасы есікті жабуға тырысқанда, лайнерден құлап түсті, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, оқиға 23 қазанда Шэньчжэнь әуежайында болған. Үш метр биіктіктен құлаған бортсерікті ұшақтың ұшуына дайындықты аяқтаған техникалық қызметкерлердің бірі байқады. Қыз шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Басылымның айтуынша, стюардесса техникалық ережелерді сақтамай есікті жабуға тырысқан.Шын мәнінде, бұл екі экипаж мүшесінің қатысуымен орындалатын әрекет.
Оставить комментарий