Әкесі қызын сабағандардың жазасын берді

/uploads/thumbnail/20171025093123838_small.jpg

Ресейде 15 жастағы қызды мектеп оқушылары ұрып-соққан деп жазады Mash. Настя есімді жеткіншекті құрдастары соққыға жығып, видеоға түсіріп, оны желіге салған. Төбелесті бастаған 15 жастағы Даша есімді қыз еді.

Настя

Мұны білгеннен кейін әкесі қызын видеоға түсірген балаларды жазалады. Қазір әкесі Настяны мектепке өзі апарып, әкелетін болған. Мектепте төбелеске мән бермеген.

«22-ші қазанда Ресейдің ІІМБ кезекші бөліміне екі жеткіншектің төбелесіп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Кикілжің болып, соның нәтижесінде төбелескендердің бірі дене жарақатын алған. Аталмыш іске қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы іске қатысты заңға сәйкес шешім қабылданатын болады» деді ІІМБ өкілі.

Оставить комментарий

Связанные Статьи