Конгресс ғимаратында АҚШ президенті Дональд Трампқа Ресей туының бірнешеуі лақтырылды. Бұл туралы Business Insider басылымы хабарлайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оқиға Трамптың конгреске кірген уақытында орын алған.
Business Insider басылымының мәліметіне сәйкес, президентке ту лақтырған Дональд Трампты қолдаған American Take Action қозғалысының мүшесі Райан Клейтон. Сондай-ақ белсенді дауыстап «Трамп – сатқын! Салықты төмендету жайын емес, сатқындықты айтыңдар!» деп айғайға басты.
Мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Сәуірде Пенсильванияда сөз сөйлеп тұрған Трампқа камера алдында белгісіз адам ресейлік бірнеше ту лақтырған еді.
Айта кетейік, АҚШ-та президенттік сайлауға Ресейдің қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүріп жатыр. АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер Трамптың Кремльмен қатысын анықтауда. Өз кезегінде Мәскеу аталмыш айыптауларды жоққа шығарған.
Оставить комментарий