Ұлыбританияда мұсылман жігіттердің екінші әйел алуына көмектесетін жаңа веб-сайт ашылды, — деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Аталған сайттан тек екінші әйел ғана емес, үшінші немесе төртінші әйел іздеуге де мүмкіндік бар. Secondwife.com сайты жақында ғана іске қосылса да, қазірдің өзінде порталға 100 мыңнан астам еркек тіркеліп үлгерген. Олардың көбісі үйленген және ажырасқысы келмейді. Алайда екінші немесе үшінші әйел алғысы келеді.
«Үйленген еркектердің тағы бір әйелмен көңіл қосқысы келуі қалыпты жағдай. Ал бұл жағдайды іске асырудың екі жолы бар. Біріншісі, шариғатқа қарсы жол, яғни көңілдес тауып алу, екінші дұрыс жолы алғашқы әйелдің рұқсатымен тағы бір әйелмен көңіл жарастыру. Бұл – ең дұрыс жол», — дейді сайтты жетекшісі Азад Чайвала.
Азад Чайваланың айтуынша, порталға өзінің күйеуіне екінші әйел іздеген әйелдер де хабарласады екен. Сонымен бірге төртінші әйел алғысы келген еркектердің де саны көп екенін айтты Азад Чайвала.
Оставить комментарий