Жапония КХДР-ға қатысты Ресей және Қытаймен тығыз қатынаста болуды көздейді. Бұл туралы премьер-министр Синдзо Абэ парламентте сөйлеген сөзінде айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Біз зымырандық бағдарламаның мәселесін шешеміз. КХДР-дің саясатын өзгертуге күш салуымыз керек. Бұл үшін біз әлемдік қоғамдастықпен бірлесіп Солтүстік Кореяға қатысты қысымды ретке келтіреміз. Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті барысында мен Ресей басшысы Владимир Путин және Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездестім. Өзге елдердің де басшылары болды. Біз КХДР-ға қатысты тығыз қарым-қатынасты орнатамыз деп шештік», - деді Абэ.
Сондай-ақ Жапония премьер-министрі Корей жарты аралындағы КХДР-дың зымырандық және ядролық бағдарламасының ушығып кеткеніне алаңдаулы екенін жеткізді.