2017 жылдың үздік 15 смартфоны аталды

/uploads/thumbnail/20171127183429620_small.jpg

 

TechRadar порталының сарапшылары биылғы жылы нарықта болған 15 үздік смартфонның тізімін жасады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Үздік смартфондардың тізімін Samsung Galaxy S8 бастады. Алғашқы үштікке Samsung Galaxy S8 Plus және Google Pixel 2 кірді.

Apple компаниясының жаңа өнімі – iPhone X – үшінші орыннан көрінді. Айта кетерлігі, жаңа «алмалы» смартфонның бағасы көпшіліктің сынын тудырған. Онымен қатар таныстырылған iPhone 8 Plus смартфоны 10-шы орында.

Жалпы 15 үздік гаджеттің қатарына енгендер: Huawei Mate 10 Pro, Samsung Galaxy Note 8, LG V30, LG G6, OnePlus 5T, Google Pixel 2 XL, Sony Xperia XZ Premium, HTC U11, iPhone 8, Honor 9.

Рейтинг авторлары құрылғылардың бағасымен қатар сапасына, дизайнына, ерекшелігіне, қуаттылығына аса мән берді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи