Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Пекиндегі іскерлік кездесулері жайында өзінің Facbook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Бүгін Пекинде инвестициялық және өндіріс құрылымдарымен 9 іскерлік кездесу өткіздім.
Қытайдың "CITIC" ең ірі мемлекеттік инвестициялық корпорациясының президенті Wang Jiong мырзамен кездестім (нарықтық капиталы 50 млрд. доллар). Туризм, ауылшаруашылығы, құрылыс, тұрғын-үй инфрақұрылымы, машинақұрастыру, бидайды терең өңдеу бойынша өзара ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластық.
Жылумен қамтудағы инновацияны әлемдегі ең жоғары технологияны қолданып, электр энергиясын қалдықсыз өндіруде көшбасшы саналатын "Shenwu" компаниясының басшылығымен талқыладым», - деді Мәлік Мырзалин.
Сондай-ақ әкімнің айтуынша, қазақстандық астықтың 25%-ын өндіретін Ақмола облысы қытайлық компаниялардың қызығушылығын тудырып отырғанын жазды.
«Қазақстандық астықтың 25 пайызын өндіретін Ақмола облысы, Қытайдың ауылшуарышылығы техникасын шығаратын жетекші компанияларын қызықтырды. Бұл жерде бізді бірлескен компания ашу мәселесі қызытырды.
Осы тұрғыда "Longyuan Shiying Machinery Production Co. Ltd", "YTO Group", "Huanghai Jinma Tractor", "Longtai Shandong" компаниялары басшыларымен сөйлестік.
Қытайдың шетелдік экономикалық қарым-қатынас ұлттық компаниясы басшылығымен де кездестім. Fortune 500 құрамына кіретін компания, облыс орталығында су тазарту стансасы мен қолжетімді баспана құрылысы жобаларына қызығушылық танытты.
Енді өзара келісімнің келесі қадамы болып, қытайлық жұмыс тобының Ақмола облысына сапары болады. Сапары барысында тараптармен ауылшаруашылығы, машинақұрылысы, энергетика, туризм және экономиканың басқа да секторы бойынша бірлескен компания құру туралы мәселелер егжей-тегжейлі қаралады.
Ертең Қытайдың 71 млн-нан астам тұрғыны бар Хэбэй провинциясына барамыз, бұл провинция Ақмола облысы сияқты астаналық аймақ саналады, Қытайдың ең ірі астықты өңірі», - деп жазды Мырзалин.
Қарашаның басында Ақмола облысының әкімі халықпен жақын болу мақсатында Facebook желісінде жеке парақшасын ашқаны хабарланған.
Оставить комментарий