Швед саясаткері Мартин Стрид «Швед демократтары» партиясынан кетуге мәжбүр. Бұған саясаткердің «мұсылмандар адам санатына жатпайды» деген сөзі себеп болды.
Бурленг қаласының жергілікті саястакері Стрид Норрчепингте өткен ұлттық конференцияда 1-ден 100-ге дейінгі шкаланың болатыны жайында айтты. Бұл туралы «ДС» порталы The Local сайтына сілтеме жасап хабарлады.
«Шкаланың бір шетінде сіз 100% адамсыз, жеке тұлғасыз, екінші бір шетінде сіз 100% мұсылмансыз», - деді ол.
«Егер сіз бұрын мұсылман болған болсаңыз, толық қанды адам қатарына қосылу үшін ұзақ жол жүргенсіз», - деді Стрид.
Сондай-ақ, саясаткер мұсылмандарды исламнан босатып, бәрін «Швед демократтарының» қатарына қосуды ұсынды.
Өз кезегінде партия хатшысы Ричард Джомсхоф Стридтің айтқанын «нәсілшілдікке» теңеп, партиядан кететінін мәлімдеді.
Стрид мұсылмандарға қатысты айтқаны үщін кешірім сұрап, партиядан кетуге мәжбүр болды.
Оставить комментарий