Мемлекеттік тіркеу қызметінің төрағасы Дастан Догоев өз ұлын Бішкек көшесінде тепкілеген ведмство қызметкері Барир Адиевті жұмыстан босатты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлайды.
2 желтоқсанда қызыл күртешедегі ер адамның жерде жатқан баланы тепкілеген видеосы желіге тарап кетті. Сол күні-ақ ер адамды тауып, Бішкектің Октябрь ауданындағы Ішкі істер басқармасына жеткізеді. Ер адамға қатысты бұзақылық фактісі бойынша іс қозғалды. Октябрь аудандық соты күдіктіні қамауға алу туралы шешім қабылдаған.
Баланың анасы ер адамды қамауға қарсы, алайда ата-аналық құқықтан айыруға келісіп отыр.
Оставить комментарий