Time журналы жыл адамын анықтады

/uploads/thumbnail/20171206084403843_small.jpg

Саудиялық ханзада Мұхаммед бен Сальман Әл Сауд  Time журналының онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша жыл адамы атанды. Бұл туралы RT жазады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Журнал сайтында хабарланғандай, ханзада 24%-бен тізімнің көшін бастаған. 6% дауыспен #MeToo компаниясының қатысушылары екінші орыннан көрінді. Аталмыш компания зорлыққа тап болған жандарға ішкі мұңымен, сырымен бөлісуге мүмкіндік береді.

Ал үшінші орынға 5% дауыспен америкалық футболшы Колин Каперник пен «Ресей ісі» бойынша АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер жайғасты.

Оставить комментарий

Связанные Статьи