Колумбиялық Бояка департаментінде шахтадан шыққан өрттің салдарынан алты адам қаза тауып, үш адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Бұл туралы сейсенбіде департамент басшылығы хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Корралес муниципалитетінде болған.
Үш шахтердің тағдыры әлі белгісіз. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Алдын-ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына табиғи газдың жинақталып қалуы себеп болған.
Оставить комментарий