Алматы қаласы жарна төлеуден көш бастап тұр

/uploads/thumbnail/20171211151658936_small.jpg

Өткен айда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 6 млрд. теңгеге жуық жарна түскен. Оның 21,6 пайызы алматылықтардың үлесінде.

Қазан айында жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер «Әлеуметтік медицина­лық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Ұлттық банктегі шотына 6 млрд. теңгеге жуық сақ­тандыру жарнасын аударды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған шілде айынан бері түскен жарналар мен ауда­рымдар мөлшері 18,6 млрд. теңгені құрап отыр. Оның 81 пайызы, яғни 15,02 млрд. теңгесі жұмыс берушілердің қара­мағын­дағы жұмыскерлер үшін жасаған ауда­рымдары. Ал қалған 19 пайызы немесе 3,54 млрд. теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негі­зінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Қор мәліметінше, жарна төлеу жағы­нан бұрынғыша Алматы (жалпы сома­ның 21,6%) мен Астана (12%) қала­лары, сондай-ақ, Қарағанды (8,2%) және Шығыс Қазақстан (7,4%) облыстары көш бастап тұр.

Көрсеткіш Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының биылғы жасаған болжамдарына сай келіп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, шілденің бірінен бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер (жеке меншік нотариустар мен сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) және азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар да жарна төлеп жатыр. Жұмыс берушілер биыл жұмыскер жал­ақысының 1 пайызын, жеке кәсіп­керлер 2 төменгі айлық жалақының 5 пайызын аударуда. 2017 жылы жарна мөлшері құраса, ал 2445 теңге 90 тиынды, 2018 жылы – 2828 теңгеге тең болады деп күтілуде. Жарна есептелетін жалақының ең жоғарғы мөлшері 15 төменгі айлық жалақыдан немесе 366 мың 885 теңгеден аспауы тиіс. Яғни ай сайын төленетін міндетті жарнаның ең жоғарғы мөлшері 3668 теңге 85 тиыннан аспауы керек. АҚК негізінде еңбек ететін азаматтар табысының 5 пайызын аударады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи