Айжан Байзақова: Ең дұрысы, мені қазақ жігітке тұрмысқа беріңдер...

/uploads/thumbnail/20180104183419948_small.jpg

Әлеуметтік желіде жұлдызға айналған Айжан Байзақова өзін зорлап, соққыға жықты деген сөздерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Айжан Байзақова бұл жайында өзінің Telegram-каналында мәлімдеді.

«Көп адам маған жүдеп кетіпсің деп жатыр. Мен соңғы кездері көп ойланғандықтан біршама жүдеп қалдым. Алайда, мен қайтадан салмақ жинап, өз-өзіме келемін. Маған ешкім де тиіскен жоқ», - дейді ол.

Айжан Байзақованың айтуынша, оның әлеуметтік желідегі парақшаларын бұғаттап тастап күресудің қажеті жоқ. «Ең дұрысы, мені қазақ жігітке тұрмысқа беріңдер. Бір жылдан кейін барлық басы бос және бақытты әйелдерді жек көріп кетемін. Сондықтан маған күйеу іздеңдер», - деп жазады ол.

Сонымен қатар, ол өзге адамдар оны қалай қорқытып, қандай сөздер айтқандығын атап өтті. «Мені өртеп жіберемін дегендер болды және де өлтіріп, бауыздап тастағысы келетіндер де көбейді. Менімен ғана қоймай, туыстарымды да жазалаймыз деп жазды. Шешініп, жаман сөздер айту – жаман қылық та, ал адам өлтіру жақсы болғаны ма, сонда?», - дейді Байзақова.

Связанные Статьи