– Аралас неке кім кімді де өмірінің соңында өкіндірмей қоймайды. Басқа
ұлтқа үйленгендердің қартайған кезіндегі өксікке толы өкінішін талай естігем, шалының ар-намысын аяққа басқан кейбір ақымақ кемпірлердің ақымақтығын да көргем. Ондай жандардан туған балалардың оңғандары да шамалы. Абай айтқандай «ашиды жаның, қайнайды қаның». Бəзбіреулер некелесе салып, айырылысып, не дауласып, айқайласып, бірін-бірі қарғап жатады.
Тоқетерін айтсам, аралас неке өмірді онша гүлдендіре алмайды. Ол аз ұлтты жер бетінен жоғалтып жіберудің төте жолы.
Бауыржан Момышұлы
«Мен – халқымның Бауыржанымын» кітабынан