Сахара шөліне қар түсті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Газета.ру-ға сілтеме беріп хабарлайды. Қар Айн-Сефра ауданында жауған. Таңертең жауған қар бір сәтте құмды шөл даланы жауып тастаған. Кешке қарай қар ери басатаған. Сахара шөліне қар 37 жылда төртінші рет жауып тұр.
Айта кетейік, 2016 жылы Сахара шөлінде 1979 жылдан кейін бірінші рет жауған. Мұндай ерекше табиғат құбылысын Айн-Сефра қаласында Кәрім Бушетатат есімді фотограф түсірген.

