2017 жылдың қазанынан бері елімізде ЖРВИ-ден бес адам көз жұмды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz мәліметіне сүйеніп.
Оның мәліметінше, әлемде тұмаудан 500 мыңға тарта адам көз жұмған. Қазақстанда 2012-2013 жылдары тұмаудың өзінен 69 адам, өткен жылы тоғыз адам көз жұмған. 2017 жылдың қазанынан бастап ЖРВИ бес адамның өмірін қиған.
Бас санитарлық дәрігер ата-аналарға өзін-өзі емдеу қауіпті екенін ескертіп, эпидемиялық маусым кезінде жаппай іс-шараларға қатысудан бас тартуға, сырқат балаларды балабақша мен мектепке жібермеуге шақырды.
Сонымен қатар Бекшин ақпанда тұмауға шалдығатындар саны күрт өсетінін хабарлады.
Оставить комментарий