Ан-148 құлаған жерде мыңнан астам мәйіт бөлігі мен 500-ге жуық ұшақ сынығы табылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтының дерегіне сүйеніп.
Оқиға орнында іздеу жұмыстарын жүргізуге қалың жауған қар кедергі келтіріп отыр, арнайы техника мен дрондар жұмылдырылған. Іздеу шаралары тағы бір аптаға созылатын болды.
Екі қара жәшік табылып, Мемлекетаралық авиациялық комитет талдау жұмыстарын бастап кетті.
Еске салсақ, Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Кейін ұшақ қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғаны анықталды. «Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты.
Оставить комментарий