Қазақстанның 16 қаласында ауа сапасы төмендеді

/uploads/thumbnail/20180213083228646_small.jpg

«Қазгидромет» РМК 13 ақпанда Қазақстандағы ауа сапасының қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сейсенбіде метеорологиялық жағдайлар 16 қалада ауаның ластануына себеп болады.

Қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе, Ақсай, Орал, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Алматы, Астана, Атырау, Балқаш, Қарағанды Көкшетау, Петропавл, Талдықорган, Теміртау, Өскемен қалаларында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал ететін болады.

Атырау атмосферасында аздаған ластаушы заттар жиналуы мүмкін.

Сонымен қоса Ақтау, Жаңаөзен, Қостанай, Кызылорда, Тараз, Шымкент қалаларында атмосфераға ластаушы заттар таралады.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар, атап айтқанда, желсіз ауа, баяу жел, тұман, инверсия ескеріледі. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи