Шорт-тректен Жапония құрамасының мүшесі Кэй Сайто допинг тестілеуден өте алмай 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттетіліп, Олимпиада қалашығынан шығарылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Допинг-сынама 21 жастағы спортшының бойынан тыйым салынған ацетазоламид затын анықтады. Шетелдік БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, Сайто аталған дәріні спорттан уақытша шеттетілуіне байланысты өз еркімен қабылдап жүрген.
Еске салсақ, Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындары 25 ақпанда аяқталады.
Оставить комментарий