Парацетамол дәрісін адамдар көбіне бас ауруына шипа болсын деп ішеді. Денедегі қызуды төмендететін әсері тағы бар. Алайда бір ауруға ем болған дәрінің ағзаның өзге тұсына зиян екені анықталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Америка ғалымдары осыған орай зерттеу жасап көрді. Тәжірибеге 18 жастан асқан 455 адам өз еркімен қатысты. Сонымен қоса, 1880 еуропалық егіздер мен 1235 афроамерика және испан тұқымдарының архив құжаттары қаралды.
Мамандар парацетамол дәрісін жиі пайдаланған емделушілердің ағзасынан бедеулікті байқаған. Дәрінің денсаулыққа кері әсері – жыныстық мүшеге әсер етіп, нәтижесінде бедеулікке шалдықтырады. Ал аяғы ауыр әйелдер бұл дәріні қабылдаса, эмбрионның жүйке жүйесінің дамуында мәселе туындауы ықтимал.
Оставить комментарий